Музей қызметкерлері Венгриядағы референдум учаскесінде дауыс берді

БУДАПЕШТ. KAZINFORM – Венгрияда қызметтік іссапарда жүрген Алматы мұражайлары бірлестігінің қызметкерлері АЭС салу бойынша референдумға қатысты.

Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Музей қызметкерлері Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі жанындағы № 375 референдумның сайлау учаскесіне барды.

Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

«Егер бүгінгі күн кеше қабылданған шешімдердің нәтижесі болса, онда ертең бүгін қабылданған шешімдердің нәтижесі болады. Будапештте қызметтік іссапарда болғанымызға қарамастан, біз Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесіне барып, атом электр станциясының құрылысына қатысты өз таңдауымызды жасадық», - деп атап өтті Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанда референдум өтіп жатыр және барлық азаматтар, соның ішінде шетелде жүргендер де сол елдің уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін сайлау учаскелерінде өз дауыстарын бере алады.