Мұзтау бетінде ерекше өнер көрсеткен Британдық әншілерді бірнеше балықшы ғана тамашалады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Британияның The Defiled рок жанрындағы метал-тобы Гренланд теңізіндегі мұзтауда ән салды, деп жазады «Моя планета».

Қозғалмалы айсберг бетінде The Defiled тобы бір сағатқа жуық өнер көрсеткен. Әлем бойынша, мұздың бетінде қойылған тұңғыш концертті сол маңдағы Кулусук ауылының балықшылары қайықта отырып тамашалады.

Британдық әншілер шығармашылық кеш өткізетін және барлық музыкалық аспаптарды көтере алатын мұзтауды бірнеше күн іздеген. Оларға жергілікті тұрғындар көмектескен. Өнер көрсеткен соң топ мүшелері аспаптарын тұрғындарға сыйға тартыпты.

Бұл ерекеше бастама «Jägermeister Ice Cold Gig» жобасының бір ғана. Демеушілердің талабы бойынша, топ мүшелері әлі талай ең қолайсыз орындарда ән шырқауы керек болады.