Шведтық заманауи аудиожүйелер дүкенінің қожайыны тұтынушылардың «өлімнен кейінгі өмір» тұжырымдамасына сәйкес, заманауи техникамен жабдықталған табыт ойлап тапты.
«Рок-н-ролл стилінде әдемі және қарапайым табытты біреу ойлап табуы керек болатын. Меніңше, Оззи Осборн немесе Кит Ричардс мұны сатып алатын еді», - дейді жобаның авторы Фредрик Хельмквист.
Табыт екі динамика, сабвуфером және ауа баптағышпен жабдықталып, интерьері ақ жібек пен шілтерден жасалған. Оған қоса, марқұмның суретін көрсетіп тұратын дисплей бар. Туыстары 4G көмегімен марқұмның сүйікті музыкасын таңдай алады.