Тамаша жұп тыңдармандарға И.Бах, Р.Шуман, С.Франк, Д.Россини сынды композиторлардың туындыларынан тұратын классикалық музыка бағдарламасын ұсынды. Музыканттар американдық көрермендер үшін қазақстандық композитор Ахмет Жұбановтың «Ариясын» да орындады.
Қазанның 6-да Гауһар Мырзабекова мен Әмір Тебенихин Вашингтондағы «Кеннеди-орталықта» өнер көрсетті. Нью-Йоркте әртістердің концертіне БҰҰ жанында тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, АҚШ-тың қоғамдық-саяси және істер топтарының өкілдері және қазақ диаспорасы қол соқты. Американдық музыка сыншылары қазақстандық музыканттардың техникалық шеберліктеріне жоғары баға берді.