Музыканттар ютубтан түскен табысқа көңілдері толмай отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Британдық рекорд-лейблдер қауымдастығы (BPI) 2015 жылғы есебін жария етті.

Қаржы есебіне қарағанда, британдық әншілердің YouTube видеохостингіндегі видеоларын қарау өткен жылы 88 пайызға артқан. Алайда осы желіден келетін табыс тек 4 пайызға өскен.

Әншілердің барлығы видеолары үшін £24.4 млн пайда тапты. Ал ән жазылған дискілерді сатудан түскен жалпы табыс £25 млн-нан асты.