MV Hondius кемесінен халықаралық эвакуациялау операциясы аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Хантавирус індетінен зардап шеккен MV Hondius круиздік кемесінің соңғы 6 жолаушысы Испанияның Тенерифе аралындағы Гранадилла-де-Абона портынан түсті, деп хабарлайды Reuters .

Фото: x.com/DrTedros

Басылымның хабарлауынша, эвакуация жұмыстары 11 мамыр күні кешке аяқталды. Жолаушылар — Австралия, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия азаматтары әуежайға жеткізіліп, Нидерландыға жөнелтілді, олар енді карантиннен өтеді.

Кейбір экипаж мүшелері мен медициналық қызметкерлер Нидерландыға бөлек рейспен эвакуацияланды, ал қалған экипаж мүшелері сапарын кемеде жалғастырады.

Биліктің мәліметінше, індет басталған кезде кемеден 94 адам эвакуацияланып, еліне қайтарылған. Операция кезінде ұшақта 23 елден келген жолаушылар мен экипаж мүшелері болған. 

Мамырдың басында инфекцияның алғашқы жағдайлары хабарланғаннан кейін кемеден халықаралық көлемде ірі эвакуациялау жұмыстарын жүргізу қажет болды.

Бұған дейін АҚШ хантавирус тараған круиздік кемесінен 18 жолаушыны эвакуацияланғаны туралы жазған болатынбыз.