Мьянма онлайн-алаяқтыққа күдікті мыңдаған адамды Қытайға берді

Мьянма билігі қыркүйектен бері телефон және интернет алаяқтыққа күдікті 31 000 адамды Қытайға берді. Екі елдің де құқық қорғау органдары онлайн-алаяқтықпен күрес бастады, деп мәлім етті Қытай билігі сейсенбі күні. 

Фото: ІІМ

Kazinform бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілердің қатарында қытайлық азаматтарды ірі сомаға алдап кеткен 63 «қаржыгер» мен қылмыстық синдикат көшбасшылары бар, деп мәлімдеді Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі.

Қытай полициясы алаяқтықпен күресті қыркүйекте бастады, ал осы айда Мьянмадағы қылмыстық топтарға «жедел шабуыл» жасауды бастағанын мәлім етті.

Күн сайын Мьянманың мыңнан астам алаяқтық орталықтарында 100000-нан аса адам телекоммуникациялық қылмыспен айналысады, деп хабарлады қытайлық БАҚ.

Қытай азаматтарын алдауға бағытталған телефон алаяқтығының саны артуына байланысты сыртқы істер министрінің көмекшісі осы айда Мьянмаға барып, Қытай Мьянмамен трансшекаралық қылмыспен күресте серіктес болуға дайын екенін хабарлады.