Мьянмада жер сілкіністері болды: 36 афтершок тіркелді

Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Мьянмада магнитудасы 2,8-ден 7,5-ке дейінгі 36 афтершок тіркелді. Бұл туралы Мьянманың Метеорология және гидрология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Афтершоктар жойқын жер сілкінісінен кейін болды, оның магнитудасы 7,9 болған. Ол өткен жұма күні жергілікті уақытпен 12:51-де болған.

Бұған дейін Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асып, 3,9 мың адам жарақат алғаны хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Мьянма Премьер-министрі елде бір апта бойы ұлттық аза тұту жариялаған.

Сондай-ақ, Мьянмадағы жер сілкінісінің ықтимал себебі аталды.