Мьянманың оңтүстігінде 100 кг есірткі тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM – Мьянма билігі жақында өткізген операция барысында  100 кг метамфетамин, 13 кг кетамин есірткісін тәркілеген. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды. 

Фото: Polisia.kz

Нашақорлыққа қарсы Орталық комитетінің мәліметінше, 25 сәуір күні полиция Вав қалашығындағы Баго аймағында жүк көлігін тінту барысында  құны 3,7 млрд кьятка яғни 1,76 млн болатын есірткіні тәркілеген. Сондай -ақ төрт мобильді құрылғы табылған. 

Бұл қылмысқа қатысы бар үш күдіктіге ұлттық заңға сай айып тағылып, тиісті шаралар қолданылған.