«Мың бала» жобасы: «Қазақ елі осындай» әнін орындайтын өзге ұлт өкілдерінің жаңа дуэті шықты
12:42, 08 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан xалқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Мың бала» атты байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Павлодар облысынан келген Ирина Бондарь мен Ольга Берг "Қазақ елі осындай" әнін орындап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, аталған байқаудың басты мақсаты - өзге ұлт өкілдерінің балаларын қаза тілін үйренуге ынталандыру, сол арқылы мемлекеттік тілді біріктіруші фактор ретінде қалыптастыру.
"Бір жылдың ішінде қазақ тілін мың бала біледі деген ниетпен бастаған болатынбыз. Бүгін мың бала емес, екі жылдың ішінде 585 000 бала осы жобадан өтті. Олардың ішінде тілді жетік әрі терең меңгерген балалардың саны 106 мыңды құрап отыр. Бұл деген үлкен күш! Егер бұған дейін Ассамблеяның ішінде 423 000 адам мемлекеттік тілді меңгеретін болса, оларға тағы да 585 000 бала қосылды. Бұл - жай әңгіме емес. Бұл - нақты мемлекеттік тіл саясатының іс жүзінде асып жатуына дәлел", - дейді Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.