Мың бояулы шаһар: Универсиада қарсаңындағы Алматы

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Универсиада қарсаңында Алматы қалай түрленді, мың бояулы шаһардың бүгінгі келбеті «ҚазАқпарат» тілшілерінің назарында.


28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың басталуына санаулы күндер қалды. Қазіргі таңда мегаполисте соңғы дайындық шаралары жүріп жатыр. Қала айтарлықтай әрленді, көшелерден Универсиада логотипін жиі байқауға болады. Сондай-ақ, Универсиадаға арнап салынған спорттық нысандардың да қаладағы сәнді ғимараттар қатарына еніп үлгергенін көре аласыздар.

Бұған дейін хабарланғандай, Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада ойындары бағдарламасындағы 12 спорт түріне екі мыңға жуық атлет әлемнің түкпір-түкпірінен жиналмақ. Универсиада барысында 3000 ерікті қызмет етсе, 30 мыңға жуық қазақстандық, шетелдік туристер Алматыға келеді деген болжам бар. Универсиада ойындарының телетрансляциясы 80 елде көрсетіліп, 1 млрд телекөрермен аудиториясын қамтымақ.
























 

Соңғы жаңалықтар