Сонымен қатар банан ас қорыту жүйесіне де пайдалы. Бананның арқасында ас ішектің ішінде жұмсақ жүреді. Асқазандағы қыжылды да осы жемістің көмегімен басуға болады. Бананның тағы бір қасиетін айтсақ, ол В6 дәруменіне бай болып келеді, яғни қан өндіруге оң әсерін тигізеді.
Диетологтардың айтуынша, құрамында С дәрумені, магний, марганец болғандықтан бұл жеміс иммунитетті көтереді. Банан асқазан жарасының алдын алады, сондай-ақ көңіл күйге де әсер етіп, күйзелістен арылтады.