Мыңдаған британдық II Елизаветаны еске алып, аза тұтуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мыңдаған британдық кеше, сегізінші қыркүйекте 96 жасында қайтыс болған II Елизаветаға құрмет көрсету үшін жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Олардың көбі патшайымды ұлт анасы, аңыз адам деп айтып жатыр. 25 жасында таққа отырған әйел бұл елге жетпіс жыл қызмет етті.

Алаңға келген британдықтардың айтуынша, ол билік еткен кезде елді біріктіріп, жігерлендірген. Ұлыбритания ұлттық қаралы күндер басталды. Ол 18 қыркүйекке яғни, патшайымды жерлеу рәсімі өткенге дейін жалғасады.

Айта кетсек, кеше Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды. Мемлекет басшысы ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.



Видеодан алынған кадр