Мыңдаған камбоджалықтар Тайландтан қашуда

АСТАНА. ҚазАқпарат -Тайланд әскері заңсыз көші-қон мәселесімен күресуге бел сыбана кірісті. Осыған орай камбоджалық мигранттар аталған елді тастап, елдерін қайтуда, деп хабарлайды ВВС.

Ақпараттық агенттіктің хабарлауынша, он мыңдаған камджалықтардың Тайландта жұмыс істеуге рұқсаттары жоқ. Көші-қон мәселесі бойынша халықаралық ұйымның өкілінің сөзіне қарағанда, шекараға келіп жатқан келімсектерге толы автобустар, жүк көліктері мен пойыздарда шек жоқ.