Catostylus mosaicus түріне жататын көгілдір медузалар орташа улы болып есептеледі және адам өміріне қауіп төндірмейді. Десе де, олар адам денесін күйдіріп жібереді. Кадрде Австралияның Десепшен Бэй шығанағының жағалауы көрініс тапқан.
Солтүстіктен соққан күшті жел мен ағыстар медузаларды жағаға лақтырып, олардың жаппай өліміне әкеп соғуда. Мыңдаған өлі медузалардың денесі жағалауды басып қалды, деп жазады life.ru.