Мыңға жуық алматылық алғашқы күзгі веложарысқа қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Спорттық Алматы» ауқымды бағдарламасы аясында бірінші күзгі веложарыс өтті. Оңтүстік астананың велоспортты сүйетін шамамен мыңға жуық тұрғыны 9 шақырымға жуық жарыс жолымен жүріп өтті, деп хабарлады Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасынан.

Дәстүрлі веложарыс сағат 9-00-де «Нұрлы тау» бизнес орталығының аумағынан басталып,  жарысқа қатысушылар Әл-Фараби даңғылығымен жоғары қарай өрлеп, Жароков көшесіне дейін жеткен соң кері бұрылды. Содан кейін Әл-Фараби көшесімен төмен түсіп, мәре сызығы белгіленген «Сұңқар» халықаралық трамплин кешеніне жетті. Мәре сызығында жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар мен жүлделер ойнатылды.

Естеріңізге сала кетейік, дәстүрлі веложарыс «Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы аясында мегаполисте бұқаралық спорт пен белсенді спорттық демалысты насихаттау үшін өткізіледі.