Мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алды – елорданың көші-қон қызметі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова былтыр қалада Қазақстан азаматтығын алған адамдар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы Қазақстан азаматтығын 1 281 адам алды. Оның 157-сіне Президент Жарлығымен, 1 124-іне жеңілдетілген тәртіпте берілді. Соның арасында этникалық қазақтар 892 болса, басқа ұлт өкілдері – 389. Былтыр Қазақстан азаматтығынан шығуға қолдаухатпен жүгінгендер болмады», - деді А. Жомартова 2022 жылғы көші-қон саласындағы қорытынды деректерге арналған баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылы елордада уақытша тіркелген шетел азаматтарының саны өсті.

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңға жуық шетел азаматы анықталды.

2022 жылы елордада көші-қон саласына қатысты 635 мыңнан астам қызмет көрсетілді.