Мыңнан астам астаналық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табысын жасырған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін астаналық отбасылар табысын жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл атаулы әлеуметтік көмек алудың форматы өзгерді. Жаңаформатқа сәйкес жыл басынан бері 5 669 елордалық отбасы аталған көмекке иеболды. Сондай-ақ, біз отбасылардың табысын тексеруге кіріспекпіз. Оған себепатаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында табысын жасырған 1 118 отбасы анықталды.Айта кету керек, бұл отбасылардың теріс әрекеті уақытында анықтап, оларғаатаулы әлеуметтік көмек беруден бас тарттық. Сондықтан да тексеру нақты осыкөмекке мұқтаж жандарды анықтауға септігін тигізеді деген ойдамыз», - дедіНұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысыСәуле Нұрғожина қалалық мәслихат отырысында.

Дегенмен басқарма басшысының сөзіне сенсек табысын жасырып,АӘК-ті алып үлгерген отбасылар бар болып шықты.

«Табысын жасырған отбасылар инвентаризация жүргізу барысындаанықталып отыр. Ендігі уақытта осындай әрекет үшін өтінім иесімен қоса, жұмыс берушіде жауап беретін болады. Біз бұл мәселені әрбір отбасымен жеке талқылауды қолғаалмақпыз. Алғашқы уақытта оларға алғанжәрдемақыны қайтару керектігі ескертіледі. Егер өз еріктерімен қайтармағанжағдайда сотқа жүгінетін боламыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар