Олар жануарларды тасымалдау үдерісін бұзып, жабық контейнерлерде ыстықта құстарды қалдырған. Салдарынан құстардың денесі қызып кеткен.
Сонымен қатар екі мысық пен ит өлді. Олар China әуе компаниясының рейсіне тиелуі тиіс он контейнерге тотықұстармен бірге орналастырылған.
Жануарларды ресімдеу үдерісі жоспарланғаннан тезірек өтті және контейнерлер ыстықта көп уақыт тұрып қалды. Ережеге сәйкес жануарларды ұшақ жөнелтілгенге ең көбі жарты сағат қалғанда контейнерге орналастыру керек. Оған дейін болмайды.
Тотықұстардың қырылуына кінәлі тұлғалар айыппұл төлеуі мүмкін.