19-ғасырға тиесілі құнды жәдігер Жалағаш ауданындағы Мырзабай ахун мазарының маңын қазған кезде шыққан, деп хабарлайды Хабар 24 .
Өз заманының әулие, емшісі болған ахун Мырзабай Азаматұлы 1833 жылы Сыр өңірінде өмірге келген. Көне кітапты баба қорымын қайта жөндемек болған ұрпақтары тауып алды. Сол уақытта қазақ жерінде азаттықтың таңы ататынын айтып кеткен әулие қасиетті Құран кітабын аласапыран заманда өзі көмгенге ұқсайды. Мұқабалары шіріп, парақтары жыртылғанымен, жазулары анық сақталыпты.
«Мешіттің ішіне жөндеу жұмыстарын жасайын деп, бұрышты қазып жатқанымда, баламыз екеуміз тізе бойы қазған кезімізде осы Құран кітаптарының шыққанына көзім жетті де баламыз екеуміз қаза бастадық. Содан 2 жарым қаптай Құран кітап шықты. Мынау соның ішінен шыққан Құран кітаптар, жазулары бар, топыраққа айналып кеткені бар. 1 жарым ғасыр болып тұр ғой енді осы жер астында жатқанына. Не жөнінде жазған осыны, ғұламалар анықтап берсе деймін», - дейді Мырзабай ахунның шөбересі Ораз Салқашұлы.