Мырзағали Айтжанов: Біріккен жаттығулардан үйренеріміз өте көп

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы AIBA академиясында Қазақстан құрамасы АҚШ және Германия боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

«Қазір Алматыда AIBA академиясында АҚШ және Германия боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. АҚШ-тан -7, Германиядан 17 боксшы келді. Екі жаттығуымыз өтті. Енді екеуі қалды. Алғашқы екі жаттығуда боксшылар тоғыз раундтық жекпе-жекпен сайысып көрді. Енді ертең және жұма күндері тағы жаттығу жұмыстарын өткіземіз. Олардың жаттығу мәнері бізден өзгеше. Ал біздікі оларға өзгеше көрінеді. Бұл біріккен жаттығулардан олардың да, біздің де үйренеріміз өте көп. Бұл боксшыларымыз үшін аса маңызды», - деп атап өтті бас бапкер.