«Василий Левиттың айқасы бойынша Олимпиададағы оқиға қайталанып жатыр. Кезінде Тищенкоға берілсе, бұл жолы Савонға жеңіс беріліп кетті. Негізі Савонмен кездесуде 1-раундтан тыс 2 және 3 раундта таза Левит жеңген болатын», - дейді Мырзағали Айтжанов.
Еске сала кетсек, кеше, яғни 31 тамызда 91 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғауға барған қазақстандық боксшы Василий Левит төрешілердің шешімімен кубалық Эрисланди Савоннан 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Савон ақтық бәсекеде ресейлік Тищенкомен қолға түйістіреді.