Кездесу барысында Жібек жолы қорымен «ҚазАгро» холдингінің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру бойынша өзара байланысы, «CCIC «China Certification & Inspection Group» тобының ауыл шаруашылығы өнімдері мен кәсіпорындарын сертификаттауы мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Wilmart, CITIC және COFCO сынды трансұлттық 8 қытайлық компания өкілдерімен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды талқылау барысында А. Мырзахметов АӨК-ке қатысты мемлекет саясатының басым бағыттарын және Қазақстандағы инвестициялық ортаны жақсартудың жаңа әдістемесін түсіндірді. Сонымен қатар, «China National Machinery IMP&EXP Corp» корпорациясымен биыл мамырда Алматыда ауыл шаруашылығы машиналарына арналған көрме ұйымдастыру және ел аумағында машина жасау және жабдықтау зауыттарын тұрғызу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Қытайлық кәсіпкерлермен кездесу соңында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» Акционерлік қоғамымен «Asia Pacific Food Capital Co., Ltd.» және «Wilmart» компаниялары арасында өзара ынтымақтастық және сауда бойынша келісімшартқа қол қою салтанаты болып өтті.