Мырзахметов швециялық әріптесімен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты талқылады
Кездесу барысында Қазақстан мен Швеция арасындағы ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басты бағыттары мен келешегі талқыланды.
Сонымен қатар, кездесуге швециялық Alfa Laval, DeLaval, Tetra Pak, EMVE Sweden AB және т.б. азық-түлік өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп компанияларының өкілдері қатысты.
Швециялық тарапты ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібіне қажетті техникалар мен технологияларды, құрал-жабдықтарды пайдалану қызықтырды.
Казақстандық тарап жем-шөп өндіруде ғылыми кластерде дамыту, жер және орман шаруашылығын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын механикаландыру салаларында ынтымақтастық құруды ұсынды.
Іс-сапар аясында швециялық делегация Петропавл қаласында өтетін «Kyzylzhar Invest» инвестициялық форумына қатысады деп жоспарлануда.
Айта кетейік,2015 жылы Қазақстан мен Швецияның ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңделген азық-түліктерінің ішкі айналымы 10,1 млн АҚШ долл. құраған.
Экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігін бидай (8,8 мың тонна) мен соя бұршағы құрады.