Кездесуде аймақ басшысы қазiргi замандағы әйелдердiң қоғамдағы, еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлiне тоқталды.
«Әйел мен көктем - тіршіліктің бастауы, махаббат пен нәзіктікті білдіреді. Көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылулық пен әсемдік сыйлайды. Мемлекет басшысы әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық істердегі рөлін айтқан кезде, «әйел шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, мемлекеттік өмірдің қатысушы» деп бірнеше рет атап өткен болатын», - деп атап өтті Мәлік Мырзалин.
Сонымен қатар, өңір басшысы елiмiзде ерлермен қатар сантүрлi салада жұмыс iстеп келе жатқан әйелдердi ерекше атап өтiп, облыстың әлеуметтiк-экономикалық саласын дамытуда, қоғамдық-саяси өмiрдi жандандыруда, отбасын нығайтуда, жастарды тәрбиелеуде әйелдердiң рөлi орасан зор екенiн айтып, олардың еңбегiне алғысын жеткiздi.
Атап өту керек, өңірде биыл ҚР Президентi Жарлығымен 21 көпбалалы ана алтын және күмiс алқа төсбелгісіне ие болды. Мемлекет басшысы атынан көпбалалы 12 ананы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин марапаттады. Сондай-ақ аймақта түрлi саланы дамытуға үлес қосқан бiрқатар әйел облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында Ақкөл ауданынан келген көпбалалы ана Палсара Нұржанова өзінің ақ батасын берді.
«Мен 11 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырмын. Бүгінгі күні 74 немере және шөберелерімнің қызық, қуанышына бөленіп отырмын. Мен өте бақыттымын. Аспанымыз ашық болып, халқымыз әрқашан бейбітшілік пен татулықта өмір сүруге жазсын!», - деді ол.
Сонымен қатар, Сандықтау ауданының тұрғыны, «Мирас» балабақшасының тәрбиеленушісі Марина Аносова да өзінің жүрекжарды тілегін арнады.
«Мемлекет басшысы бастаған ел үкіметінің көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмекті нығайту бойынша шараларды қолға алып отырғандығы қуантады. Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде нақтылы сандар айтылды, бұл олардың мәселесін шешуге септігін тигетіні сөзсіз. Көпбалалы отбасы - бұл ең алдымен, еліміздің келешек ұрпағын, білімді, мәдениетті қазақстандықтарды тәрбиелейтін әйел - ана», - деп атап өтті педагог.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.