Мырзатай Жолдасбеков - мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, жазушы, танымал түрколог, Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет салаларының ірі ұйымдастырушысы, бірқатар университеттің құрметті профессоры, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық шені бар. Түркология саласындағы жоғары жетістіктері үшін 2004 жылы Күлтегін сыйлығын иеленді. Мемлекет алдындағы зор еңбегі үшін «Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. «Дүние, шіркін», «Тотықұс» және басқа да әндер мен күйлердің авторы.
Фильмнің авторы әрі режиссері - Ілияс Ысқақов. «Дүние, шіркін» фильмін «Қазтелефильм» тәуелсіз продюсерлік орталығы» ЖШС түсірген.