«Алла Тағаланың қазақтың маңдайына берген әншілері көп болды. Бірақ, олардың көбі бүгінгі Димаш сияқты шекара асып, бүкіл әлемді таңғалдыра алмаған. Өйткені, мүмкіндіктері болмады. Әміре Қашаубаев қана Парижге барып ән салды»,-деген Мырзатай Жолдасбек Димашқа «осы танымалдылықты көтере біл» деген ақылын айтты.
«Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, Димаш осыны көтеріп кетсе жақсы болар еді... Сен (Димашқа қарата айтқан сөзінде - агенттік) көтеріп кетуің керек, өйткені, халық сенен үлкен үміт күтіп отыр. Алдыңда талай жарыс бар»,-деп батасын берді.
Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген бүгін Қазақ ұлттық өнер академиясында өз ұстаздарымен және достарымен кездесті.
17:57, 27 Ақпан 2017
Мырзатайдың Димашқа батасы: Танымалдылығыңды көтеретін бол...
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ Ұлттық өнер академиясында Димаш Құдайбергеннің фанаттарымен кездесуі кезінде мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбек әншіге бата беріп, оған ақылын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.