«1-2 наурыз күндері Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметовтың Ақтөбе және Павлодар облыстарына жұмыс сапары жоспарланып отыр. Аталған сапарлардың негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын талқылау», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифинг барысында.
Айта кетейік, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламада кооперативтерді құру мәселесіне баса назар аударылы отыр. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да аталған мәселеге тоқталып: «Бес жылдың ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажет», - деп нақты тапсырма берген.