Бұл туралы Алаш айнасы жазады.
ABC News-тің хабарлауынша, үй жануарының қарнында болатын паразит әйел миында астыртын өзгерістерді туғызуы мүмкін. Теодор Постолач бастаған ғалымдар тобы 45 000 әйелдің денсаулығын тексерген. Соның нәтижесінде Toxoplasma gondii паразитін жұқтырған әйелдердің арасында өзіне-өзі қол жұмсау қаупінің 1,5 есе артқаны байқалды. Ғалымдардың айтуынша, мысықтан жұғатын микроағза Жер беті тұрғындарының үштен бірінің бойында бар. Оның жүйке жүйесін зақымдайтыны соңғы жылдары ғана белгілі болды. Әзірше бұл паразитке қарсы дәрі-дәрмек жоқ. Адамның көңіл күйі мен өмірге көзқарасын түбегейлі өзгертетін Toxoplasma gondii жүкті әйелдер сәбиінің өлі тууына да себепші болады.