Мысықты құтқарамын деп қымбат көлігін кескілеп тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Эрран Фрейзер өзінің пикап көлігінен мияулаған дауысты естігенде есінен алжастым деген ойға кеткен еді.

Дегенмен, бұл дыбысқа пикаптың көмкермесіне таң қаларлық жағдайда кіріп кеткен кішкентай мысық кінәлі болып шықты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Тұзаққа түскен мысықты құтқару үшін Фрейзер өз көлігін кескілеп бастаған. Ол машинасының сыртқы келбетінің тас-талқанын шығара отырып, мысықты құтқарып алыпты. Осыдан кейін ол мысықты Humane Society қайырымдылық ұйымына табыс еткен.