Мысыр билігі үш министрді қамауға алды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Мысыр билігі сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен бұрынғы үш министрді және белгілі кәсіпкерді қамауға алды. Бұл туралы РБК Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Хабиб аль-Адли, туризм экс-министрі Зухейр Гарана, тұрғын үй құрылысы министрлігінің бұрынғы басшысы Ахмед аль-Маграби және Мысыр алпауыты, басқарушы партияның мүшесі Ахмед Эзз 15 тәулікке қамауға алынды.

Одан бөлек, Мысыр Қарулы күштерінің жоғарғы кеңесі үкіметтің 43 мүшесіне елден шығуға тыйым салды.