Мысыр Британияда ежелгі мүсіннің сатылуына наразылық білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр Британияда 4,5 мың жылдық ежелгі мысырлық мүсіннің сатылуын сынға алды. Дүйсенбіде оны Christie's бәссауда үйінде саудаға шығарады.

Лондондағы Египет елшісі бұл аукционның елінің жеке археологиялық және мәдени мұрасы құқығының бұзылуы болатындығын мәлімдеді.

Мүсінді бұрынғы иесі - ағылшындардың Нортгемптон қаласының әкімшілігі сатады. Олар түскен қаржыға жергілікті мұражайда жаңа галерея салуды көздеп отыр, деп хабарлады ВВС. Алдын ала болжам бойынша, мүсін 10 миллион долларға өтуі мүмкін. Нортгемптон билігі өкілінің сөзіне қарағанда, жоспарланып отырған бұл сатылым туралы Каирге екі жыл бұрын хабарланған. Алайда Мысыр билігі тарапынан ешқандай қарсылық болмаған.