деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Обама» деп аталатын құрманың киләсі Каирде 48 мысыр фунтына (7,5 доллар шамасында) жетеді. Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың құрметіне аталған құрманың бағасы одан сәл арзандау, ол 28 мысыр фунтқа (5 доллар) сатылуда.
Ал құрманың ең арзан сұрыбын араб елдерінің атына айтқан лоқан-лоқысымен есте қалған және Мысыр президенті Хосни Мүбаракқа тіл тигізген Израильдің сыртқы істер министрі Авгидор Либерманның атымен аталып отыр.
Мысыр саудагерлері мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының қарсаңында жыл сайын құрмалардың түрлі сұрыптарына атаулар береді. Әдетте, құрманың қымбат түрлеріне араб әлемінде жақсы танымал саясаткерлердің, актерлар мен әртістердің аттары берілсе, керсінше, ең арзан сұрыптары араб елдерінің халқы жақсы көрмейтін қайраткерлердің есімдерімен аталады.