Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сапар барысында Ахмед Фатах Ала біздің еліміздің мемлекеттік органдарының басшыларымен кездесулер өткізеді. Оның барысында Қазақстан мен Мысыр арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту, саяси диалогты нығайту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.