«Бүгін Мысырдың Қазақстандағы елшісі Камел Ибрахим Хайсам Салах мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасын байқап көру үшін елордадағы мамандандырылған ХҚО-ға келіп, жүргізуші куәлігін ауыстырды. Өзінің ең алғашқы жүргізуші куәлігін елші Қазақстанда әрі мамандандырылған ХҚО-лар жоқ кезде ресімдеген болатын. Бүгін оны ауыстыру кезінде сервистің көрсетілуі мен уақытына таңғалып қайтты», - деп жазады Мұрат Жұманбай.
Оның жазуынша, жарты сағат өтер-өтпестен мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мысырлық елшінің қолына жаңа құжатын ұстатқан. Өз кезегінде елші сапалы әрі сыпайылықпен көрсетілген қызмет үшін алғысын білдірді.