Хамада алғаш рет торға 2 жасында кірген, ал аң үйретуді 7 жасында бастады. Бүгінде ол әлемде ешкімнің қолынан келмейтін бірегей трюктарды орындайды. Хамада Кута цирк әулетіне - 169 жыл. Бұл өнерге алғаш болып әжесі Mahasen El Helow келген, ол араб елдерінде аң үйреткен тұңғыш әйел.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында жонглерлар, акробаттар мен көңілді сайқымазақтар өз көрермендерін қуантпақ. Бұдан басқа, Ресей мен Еуропа фестивальдарының алтын жүлде иегерлері, Гиннестің рекордтар кітабына енген Үлкен Мәскеу циркінің артистері өнер көрсетеді. Ал әуе гимнасттары ешбір сақтандырусыз цирк күмбезінің астында 10 метрден артық биіктікте күрделі трюктарды орындайтын болады.