Келісімге Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси мен Сауд Арабиясының королі Салманның қатысуымен қол қойылды.
Сондай-ақ тараптар Синай түбегін дамыту үшін еркін экономикалық аймақ құру туралы жазылған ниет меморандумына қол қойылған.
Каир мен Эр-Рияд Суэц арнасының жанындағы Синай индустриялық аймағында жалпы құны 3,3 млрд доллардың жобаларын дамытуға келісті. Бұдан басқа, бағасы 2,2 млрд доллар электр стансасының құрылысы туралы келісім жасалды.
Жұма күні король Салман Мысыр мен Сауд Арабиясының арасында көпір салынатынын мәлімдеді. Ол жоба туралы әзірге нақты мәлімет жария етілмеді.