Оның айтуынша, Мысыр ОПЕК келісіміне қосылмайды, себебі бұл ел ештеңе экспорттамайды, ал өндірілген шикізаттың негізгі бөлігі жергілікті мұнай өңдеу зауыттарында қолданылады, деп хабарлайды РИА «Новости».
«Бізде экспорттайтын тауарлардың бөлігі аз және ол нарыққа әсер етпейді. Жеткізу көлемін азайту туралы айтатын болсақ, бұл бір миллион немесе екі миллион баррельді экспорттайтын елдерге қатысты», - деді премьер.