Мысыр парламенті жұмысын уақытша тоқтатты

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Мысыр парламентінің қос палатасы Халық жиналысына (төменгі палатаға) өткен сайлаудың қорытындысына қатысты оппозицияның барлық наразылықтары қаралып біткенше өз жұмысын уақытша тоқтата тұрады.

Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мысыр оппозициясы қойып отырған талаптардың бірі - 2010 жылдың қараша-желтоқсан айларында өткен сайлау қорытындысы бойынша жасақталған Парламентті тарату еді. Оппозиция күштерінің айтуынша, сайлауды өткізуде және дауыстарды санау кезінде жол берілген жаппай заңбұзушылықтар сайлаудың заңдылығына күмән туғызып отыр.