Бұл туралы провинция полициясының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
Қолда бар деректерге сәйкес, генерал Атыйя күндізгі қызметтен соң фургонға мініп үйіне келе жатқан. Тальхи көшелерінің бірінде көлікке белгісіз біреулер автоматты қарудан оқ жаудырды.
Көргендердің айтуынша, жүргізушінің шеберлігінің арқасында полиция генералы ажалдан аман қалған. Ол көз ілеспес жылдамдықпен бағытын өзгертіп үлгерген.
Генерал да, жүргізуші де зардап шеккен жоқ. Қылмыскерлердің атқан оқтарының бәрі фургонның шанағына тиген.
Полиция шабуыл жасағандардың үш адам екендігін анықтады.Мотоциклге мінгендер генерал отырған машинаға бетпе бет келіп бей-берекет оқ жаудырған. Қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін суытып үлгерген.
Қазіргі уақытта атыс болған аумақ қауіпсіздік күшімен қоршалып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр.