Мысырдың құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сүйеніп сілтеме жасаған Sky News Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Австралия тілшісі дереу өз еліне депортацияланады.
Бұдан бірнеше ай бұрын Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси арнаның шетелдік тілшілеріне рақымшылық жасау мүмкіндігін ойластырып отырғанын мәлімдеген.
Каир қаласының қылмыстық соты өткен жылдың 23 маусымында Катардың «Әл-Жазира» телеарнасының жеті тілшісін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Аталған БАҚ-тың тағы 11 өкілі шартты түрде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.