Мысыр президентіне қызметінен кетуге 2 күн берілді
Осындай талабы бар петицияға 22 млн. мысырлық қол қойды, деп хабарлайды РБК.
Егер саясаткер сейсенбі күні тағын босатпаса оппозиционерлер мысыр халқын алаңдарға жиналып, азаматтық бағынбау шараларын ұйымдастыруға шақыруға дайын. Бұл туралы Би-Би-Си жазып отыр.
Белсенділер «Ағайынды мұсылмандар» басқарушы партиясының штаб-пәтеріне шабуыл жасап, ғимаратқа тастар мен тұтанғыш қоспасы бар құтыларды лақтырды.
Наразылық акцияларының шырқау шегі М.Мурси инаугурациясының бір жылдығына тұспа-тұс келді. «Ұлттық құтқару майданы» оппозициясы аталмыш күнге орай «№1 революциялық мәлімдемесін» жариялады. Мемлекет басшысы ауыр экономикалық жағдай, қалалардағы жағдайдың нашарлай түскені: билік қатардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырғаны үшін айыпталуда.