Солтүстік Синай провинциясының Мысыр вакуфтері (діни мүлік) министрлігі басқармасының басшысы Синай Мухммед әл-Ааштың айтуынша, Бир-эль-Абд елді мекеніндегі мешіт сәрсенбі күні ашылған.
Әл-Ааш Эр-Рауда мешіті жөндеу жұмыстары аяқталып, намаз оқитындар үшін жаңа кілем төселгеннен кейін өз жұмысын бастаған.
Вакуфтер министрлігінің өкілі атап өткендей, ведомствоның ұйымдастырған арнайы техникалық комиссиясы материалдық залал шығынын және қайта жөндеуге жұмсалатын қаржыны есептеп шығарған. Ол 90 мың Египет фунтын ($5 мың) құраған.
Синайдың Бир-эль-Абд ауылының барлық тұрғыны алдағы жұма күні намаз оқу үшін мешітке баратындарын мәлімдеген.
Еске салайық, өткен жұмада Мысырдың Синай түбегінің солтүстігінде содырлардың мешітке шабуылынан 155 адам құрбан болып, 120 адам зардап шеккен еді. Шабуыл Солтүстік Синай провинциясының астанасы Эль-Аришадан батысқа қарай 30 км қашықтықта Эр-Рауда елді мекенінде жұма намазы кезінде болған. Террористер мешітті жол талғамайтын 4 көлікпен қоршап алып, жарылғыш затты мінажат етіп жатқан адамдардың ортасына тастап, жарып жіберіп, артынан оларға қарай оқ жаудырған.