Бұл жайында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әнуар Жайнақов Мысырдың құқық қорғау органдарының 6 қазақстандық студентті ұстау себебін және барлық мән-жайды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап өткен.
«Кеше Каирде Мысыр сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Қазақстан Елшісімен кездесуінде ресми жауап таяу уақытта қазақстандық тарапқа берілетіндігіне сендірді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Мысырдың Астанадағы істерінің уақытша өкілі шақырылды», - деп жазды ол.