Мысыр тарихында тұңғыш рет құн салығы енгізіледі
20:06, 22 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет билігі ел тарихында тұңғыш рет қосымша құн салығы енгізілетінін мәлімдеді. Осы шара арқылы Мысыр үкіметі елдің экономикалық дағдарыстың алдын алып, дәулетті адамдар мен мұқтаж жандардың алшақтығын азайтатынына сенімді, деп жазады muslim.kz.
Жаңа салық 2016 жылдың 1 қазанынан бастап енгізіледі. Оның өлшемі 14%-ды құрайды. Мұның нәтижесінде ел қазынасына 32 миллиард фунт қаржы құйылмақ. «Қосымша құн салығынан түскен қаражат әлеуметтік аз қамтылған халыққа беріледі», - деп атап өтті Египет премьер-министрі Шериф Исмаил.