Қазіргі кезде мысырлық бес дипломат ливиялық көтерілісшілердің тұтқынында қалып отыр, оның ішінде мәдени мәселелер жөніндегі дипломатиялық қызметкер де бар. Ол ел үкіметімен байланысқа шығып, өзінін аман екенін және ливиялықтардың жақсы қарап отырғанын айтқан. Осы орайда ұрланған тұлғаларды босату мәселесі шешіліп жатыр.
Ливиядағы бірқатар ресми тұлғалардың ұрлануы бойынша жауапкершілік мемлекеттік әскери жасаққа артылып отыр. Бұл сарбаздар биліктің қарауында болғанымен, шын мәнісінде үкіметтегілер олардың іс-әрекеттерін бақыламайды, деп хабарлайды РБК.