Сондай-ақ орнынан кетіп жатқан Премьер-Министр Ибрагим Махлябқа жаңа Үкіметті жасақтау тапсырылды. Естеріңізге сала кетейік, жаңадан сайланған Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси 8 маусымда өз міндетіне кірісті. Ел конституциясы бойынша, осы рәсімнен кейін атқарушы билік отставкаға кету туралы өтініш жазуы тиіс болатын. Ас-Сисидің өзі Махляб басқарған Үкімет құрамында бірнеше апта Қорғаныс министрі болып жұмыс істеді. Сарапшылардың пайымынша, өзін жақсы қырынан көрсетіп үлгерген Махляб Үкімет басшысы ретінде өз орнына қайта отыруы мүмкін.
10:04, 10 Маусым 2014
Мысыр Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті. Мұндай шешім Ибрагим Махляб басқарған министрлер кабинетінің 3,5 айлық жұмысының қорытынды отырысынан кейін қабылданды, деп хабарлайды 24.kz.