Мысырда 220 қонақүй жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Мысырда туристер ағынының азаюя салдарынан 220 қонақүй жабылды. Шарм-эль-Шейхте 54, Хургадта - 34, Марса Аламда - 35 қонақүй жабылды. Сафага, Луксор, Асуанда көптеген қонаүйлер жабылды. Қызыл теңіз курорттарында көптеген қонақүйлер нөмірлерінің едәуір бөлігі бос тұр.

Құрбан айт  мұсылман мерекесінде бұдан да көп қонақүйлер босайды, деп хабарлады  Утро.ру.

  Марса Алам ХБТҚ  вице-президенті Тарек Шалаби курортта қонақүйлердің жартысы жұмыс істемейтінін айтты.  Әсіресе Ресей, Ұлыбритания, Италиядан туристер саны азайған.