Ыстықты көтере алмай қайтыс болғандардың басым көпшілігі - қариялар. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі тағы 2 мыңға жуық тұрғынның ауруханада жатқанын мәлімдеді. Синоптиктердің айтуынша, жексенбі мен дүйсенбі күндері ауа температурасы 55 градусқа дейін барады. Мысырда күннің шыжып тұрғанына 1 апта болды. Соңғы рет мұндай ыстық пирамидалар елінде 1978 жылы тіркелген екен, деп жазады 24.kz.