Мысырда автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 16 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда жаңбырдан кейін жолда көктайғақ болып, соның салдарынан автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 16 адам опат болды, деп хабарлайды РБК.

Ассиут қаласының құқық қорғау органының өз есімін жариялаудан бас тартқан өкілі автобус жүргізушісінің жолдың су басқан бөлігінде көлік тетігін басқара алмай қалғанын айтады. Соның нәтижесінде автобус жүк көлігімен қақтығысып, аударылып қалған.

Айта кетейік, жексенбіден бері Мысырда бұл маусым үшін әдеттен тыс өткінші жауын толастамай тұр.